Әділов Дінмұхамет

Әділов Дінмұхамет (Мұқыш, 1900-1930) – Қазақстанда Кеңес үкіметін құруға белсене қатысушы, мемлекет қайраткері. Омбы семинариясын бітірген (1916). 1917ж. Ақмоладағы Қазақ комитеті төрағасының орынбасары болып сайланған. Алаш партиясының мүшесі болған. 1918ж. чехтар мен Колчак әкімшілігіне қарсы көтеріліс ұйымдастырушылардың бірі болды. Көтеріліс сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Читаға жетіп, С.Лазо бастаған ерікті партизан отрядының саяси комиссары болған. Азамат соғысы кезінде қазақ атты әскері полкінде қызмет атқарған. Соғыстан кейін Түркістан республикасының орталығы Тәшкен қаласында Ғ.Мұратбаев, Т.Рысқұловтармен бірге жұмыс істеген. 1928ж. ұсталып, ату жазасына кесілген. Үкім 21.04. 1930ж. Мәскеудегі Бутырка түрмесінде орындалған. Қазақ КСР Жоғарғы Сотының 1988ж. 4 қарашадағы шешімімен ақталды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазақ,2009.-119 бет.

2. Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-487 бет.