Әлиакпаров Жұмақұл
 
        
        Әлиакпаров Жұмақұл – (1923-1985жж)- Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер. Мамандығы-қаржыгер, Алматы қаржы техникумын, Халық шаруашылығы институтын бітірген. 1942 жылы 147-ші кавалерия полкінің құрамында майданға аттанып, 1944 жылы ауыр жараланып, елге оралған. І –дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше соғыс және еңбек медальдерімен құрметтелген. 2 рет ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі президиумының құрмет грамотасымен, 3 рет Мемлекеттік Банкі үздігі белгісімен марапатталған.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                