Қазыбеков Әлбай
 
        
        Қазыбеков Әлбай Подполковник Қазыбеков Әлбай Нұрғалиұлы 1919 жылы 6-шы ауылда туған. 1939 жылы Петропавал қаласындағы педучелищені бітіріп, Шет ауданының Айғыржал орта мектебінде мұғалім болған. 1940 жылы міндетті әскерге шақырылып, соғыстың басынан аяғына дейін қатысқан 1946-1956 жылы аралығында Лебяжі аудандық әскери комиссары, одан соң Аякөз аудандық, Жезқазған қалалық әскери комиссары болған 1964 жылдан бастап автотронспорт минстрлігіне жұмысқа ауысып, сол жүйеде еңбек етіп жүріп, қайтыс болған.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                