Кел балалар, оқылық!
Жыл сайын жаңа оқырмандар біздің балалар кітапханасының тыныс-тіршілігімен, кітаптар мен мерзімді басылымдардың мол қорымен танысып, достығымыз жылдар бойына жалғасады. Биыл да О.Жұмабеков атындағы ЖОББ тірек мектебінің Бимендина Рыскүл Жақсылыққызы жетекшілік ететін 1 "Г" сынып және Керімбаева Гүлдана Еділқызы жетекшілік ететін 2 "Б" сынып оқушылары «Кел балалар, оқылық!» атты экскурсияға келіп, кітаптармен танысып, тақпақ оқып жақсы көңіл-күймен тарқасты.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                