Қыдырбаев Бәделхан
Қыдырбаев Бәделхан Әбдікәрім-ұлы-1960 жылы Жаңаарқа ауданында дүниеге келді. №132 орта мектептің 8 сыныбын бітірген соң, аудандық кәсіптік техникалық училищидің І-ші курсында 1978 жылдың қараша айында Совет армиясы қатарына шақырылды. 1980 жылдың ақпан айында Кеңес Одағы әскерінің таңдамалы құрамында Ауғаныстан Демократиялық Республикасына жіберілді. Аталмыш жылдың қараша айында абыроймен елге оралды.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                