Назаров Оралбай Әбішұлы

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, 201 ші жол айрық бекетінде 1960 жылы 17 желтоқсанда туған. Қазіргі мекені Ш.Ералиев ауылына қарасты Ақбастау елдімекенінде тұрады. 1967 жылы К.Маркс совхозындағы 10 жылдық орта мектеп табалдырығын аттап, 1977 жылы аяқтайды. 1979 жылы 8 сәуірде әскер қатарына алынып, алғашқы алты айды Польша жерінде әскери дайындықтан өтіп, сол кезде басталған ауған соғысына, сол жерден аттанады. Қалған әскери жылдарды сол ауған жерінде өтеп, 1981 жылы шілде айында елге оралады.

Әскер қатарында жүргенде жақсы қызметі үшін туған жеріне «Алғыс хат» жіберілді, сонымен бірге әскери демалысқа келеді. Қаншама құрмет наградаларымен марапатталады. «Войну - интернеционалисту», «От блогодарного афганского народа» және «70 лет вооруженных сил СССР» төсбелгілерімен  және «Гвардеец» омырау белгілерімен марапатталған. Әскери борышын өтеп келген соң К.Маркс совхозында механизатор болып еңбек етеді. Қазіргі кезде зейнеткер, жеке шаруа қожалығы бар, отбасында 4 қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған әке.