Шайхин Икен
Шайхин Икен 1922 жылы 6-ші ауылда туған. Қызылтау руднигінде жұмыс істеп жүріп майданға аттанып 1945 жылы мүгедек болып келген соң Алғабас колхозының таудағы қой фермасында есепші, одан Ақтау совхозының 4-бөлімшесінде шаруашылық ісін басқарып жүріп зейнеткерлікке шығып қайтыс болған.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                