Сүлейменов Ахметжан
Сүлейменов Ахметжан 1907 жылы Ақмола үйезі Асанқайғы болысының 3-ауылында туған. Жасында молдалардан сауатын ашып, Көктіңкөлінде Ғайнидин деген татар мұғалімнен 4 класс оқып бітірген. Содан 1926 жылы Ақмоладағы қазақ мектебінен 7 класс бітірген. 1929 жылы әскер қатарына алынып, Украинаның Белше қаласында әскери борышын өтеп, лейтенент шені мен 1932 жылы елге оралды.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                