Тайтөлеуов Мұса

Тайтөлеуов Мұса - 1940ж қазіргі С.Сейфуллин селолық округіне қарасты ынтымақ колхозында туған. Қарағанды пединститутының физика- математика факультетін бітірген.Ұзақ жылдар ауданының білім саласында жемісті қызмет етті. Жаңашыл мұғалім, іскер ұйымдастырушы, табанды басшы, ұлағатты ұстазболды. 1974-92жж  аралығында В.И.Ленин атындағы орта мектепте директор, 1992 жылдан 2003 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін осы мектепте мұғалім болды. ҚазКСР жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Соңғы жылдары дін- иманға көңіл бөліп, осы тұрғыда насихат жұмыстарымен шұғылданып жүр. Мекке- Меғдинаға қажылық сапармен екі рет барып қайтты.

 

Кітаптары:

1. Қарпықтың ибалы  қыздары, салиқалы  келіндері. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2012. – 288 бет.

2. Атадан – жетеу / Құраст.: Елебек Мұқажанов, Бекболат Әлжанов, Мұса Тайтөлеуов – Шымкент: «Кітап» ЖШС, 2015ж. – 332 б. 

3. Телқозының Шоңы. Құраст.: Мұса Тайтөлеуов, Марат Оралбайұлы. – Астана, типография ТОО «Жарқын Ко», 2024. – 272 б.