Жамалов Мәжит Байжікенұлы
Жамалов Мәжит Байжікенұлы 1968жылы 7 қазанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ынтымақ ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Ынтымақ орта мектебін бітірген.1986 жылы әскер қатарына Отар қаласына алынады.Отар қаласында 6ай әскери борышын өтеп,1987жылы Ауғанстандағы соғысқа сол жерден алынады.1988жылы қазан айында соғыстан аман-есен еліне оралады.Ауғанстан жерінен әскерді шығарғанда медальдармен марапатталған. 1989 жылы Қарағанды педагогикалық институтының алғашқы әскери дайындық факультетіне түсіп,1994жылы институтты бітіреді. 1993жылдан-2011жылға дейінгі аралықта Ынтымақ орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.1992жылы отбасын құрады.Тұңғыш баласы Жеңіскүл 9 мамыр Жеңіс күні дүниеге келген.Сол себепті атын Жеңіскүл деп қояды.Отбасында Жеңіскүлден басқа Балнұр есімді қызы,Жалғас пен Нұрсәт есімді ұлдары тәрбиеленуде. Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 25 жылдығына орай Облыстық жауынгер-интернационалистер клубы арнайы мадақтамамен марапатталған