Жетпісбаев Мұқатай

Жетпісбаев Мұқатай 1898 жылы туып 1982 жылы қайтыс болған. Мұқатай Ортау болысы Атасу өзеннің бойында туған. Әкесі Мұқатайдың 16 жасында кәсіп іздеп Ақмолаға көшеді. 1920 жылы Ақмола уйездік жастар комитетінен комсомол қатарына өтеді. Бұл кезде ол Ыспан байдың жалшысы еді. 1924 жылы партия қатарына қабылданды. 1927 жылы елді кеңестендіру жұмысын жүргізу үшін өзі туған Асанқайғы ауданына жіберілді. Оны 5-ші ауылға ауылнай ғып тағайындады. Әділбеков Моқаннан қабылдайды. Моқан 1973 жылы 93 жасында қайтыс болған. Бұл кезде Волисполком Болтайдың Ахметжаны екен, оның орнына Спасканың жұмыскері Көжекбаев болыс болды 1928 жылы кәмпеске басталды. Оны жүргізуге үйездік соттың төреағасы Аппас Жәнібеков келіп, жергілікті жерден болған комессия мүшелері Тілеубаев Төлеу, Бақбергенов Әбжан, Көкеев Бабас, Орынбеков Сағынтай, Жетпісбев Мұқатай, Бұлар Қалыбек, Мамтыттың Құрақбайы, Алысай Қуандықтың Садуақасы, Кемелбек, Жәкей, Мақсат, Тұнғатар, Телжан, Тоқа руынан Жәкен деген байларды кәнпескелеп, алынған 3-ші мыңдай жылқы, 15 мыңдай қойды кедейлерге бөліп береді. Асанқайғы ауданының Жаңаарқа ауданы аталған жылы Волисполком төреағасы Көжекбаевтың орнына Кенежин Әуекбай сайланды. Енді Волисполком емес, аудандық атқару комитеті деп аталды. Аудандық банктің бастығы Нілді жұмыскері Аяпбеков Қуанышбек, тұтынушылар қоғамының бастығы Сәтов Мұқаш орынбасары Есендаулетов Мұқамедия "Заготконтордың» бастығы Жетпісбаев Мұқатай, жалком жалшылар комитетінің бастығы Жұмаділдин Нәби болды. 1933 ауданның 2 жерден МЖС ашылған. Бірі Атасу өзені бойында, бірі Ақтүбекте, Мұқатай Атасу МЖС нің бастығы болған. МЖС –та 30 шөп шабатын көлік машинасы, күш көлігі самоход арбалары болған. Мұқатай соғыстың басынана аяығына дейін қатысып, Ленинград қоршауында болған. Бірнеше рет жараланған. Бірнеше орден –медальдармен марапатталған, Соғыстан кейін колхоз бастығы, ферма менғерушісі, астық коймасының кілтшісі, малшы болған.