«Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы»

04.06.2024

4 маусым күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасы мен  мәдениет үйінде 4 маусым-Қазақстан Республикасының рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы» атты викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Шара әнұранмен басталып, кітапханашы  М.Искакова кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, оқушыларға рәміздер туралы  сұрақтар қойылды. Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.