«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»

04.06.2024

      Ш.Ералиев ауылдық Мәдениет үйінде  4 маусым-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай бір мезетте Мемлекеттік Әнұран орындалып, кітапхананың ұйымдастыруымен         «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»  атты мерекелік кеш өткізілді . Кітапханада «Елімнің рәміздері- Тәуелсіздіктің белгісі » атты кітап көрмесі  құрылып,  кітапханашы Жөкенова Арайлы библиографиялық шолу жасады.

Ауыл көркем өнерпаздары әннен шашу шашып, «Еркем – ай »  би тобының қыздары  мың бұралып би билеп, « Көңіл ашар» үйірмесінің күйшісі  күмбірлете күй шертті.

Мақсаты:  Елтаңба, ту, әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

Оқырмандарды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің туын, елтаңбасын, әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.