«Ұстаз-ұлағатты есім»

03.10.2025
3 қазан күні Ақтүбек ауылдық үлгілі кітапханасында «Ұстаз-ұлағатты есім» тақырыбымен көрме-викторина ұйымдастырылды. Мақсаты: Мұғалімдер күніне орай ұстаздардың қоғамдағы рөлін насихаттау, оқырмандарды ұстаздарға деген құрмет пен ілтипатқа тәрбиелеу, тарихи тұлғалар мен білім саласына еңбегі сіңген педагогтар туралы мағлұмат беру.
Кітапханада «Ұстаз — ұлағатты есім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда қазақтың көрнекті педагогтері мен ағартушыларына арналған әдебиеттер, өмірбаяндық деректер, мақалалар мен мәліметтер қойылды. Көрме барысында оқырмандар назарына Ахмет Байтұрсынұлы, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы сияқты ұлт ұстаздарының өмірі мен еңбектерін таныстыратын кітаптар ұсынылды.
Көрме аясында қатысушылар арасында викторина өткізілді.Сұрақ-жауап форматында өткен қызықты ойында педагогика, білім саласы және танымал ұстаздар туралы сұрақтар қойылды. Жеңімпаздар шағын сыйлықтармен марапатталды.