Серік Нұғыман.

Асыл қиқым. Әңгімелер . – Алматы: «Бибі-ана» қайырымдылық қоры баспасы, 2022. – 400 б.
Әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасын әлдеқашан айқындаған талантты қаламгер Серік Нұғманның бұл жинағына әр жылдары жазылған әңгімелері топтастырылып отыр. Шығармалардың бәрі дерлік ой ағысына құрылған, ішкі толғаныс, шиыршық атқан драмалық тартысты хал арқылы кейіпкер жандүниесінің небір нәзік иіріміне терең бойлап, құпия қатпарына сәуле түсіреді. Жинақ бетін парақтаған сайын автордың байырғы қордалы бай тіліміздің құнарынан молынан сусындағанына көзіміз жете түседі.