Басшылары

Кітапхана директоры
Ускенбаева Шынар Түлкібайқызы, 1986 жылы 20 ақпанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Қарағанды қаржы институтының «Құқық және әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру» мамандығына түсіп, 2005 жылы аяқтаған.
2005 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқып, 2008 жылы бітірген.
2013 жылы Алматы қаласы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне түсіп, сырттай оқу бөлімінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша 2015 жылы аталған оқу орнын аяқтаған.
2006 жылдың 1 наурызынан 2015 жылға дейін «Қаржы бөлімі» ММ-де жұмыс атқарған. 2015-2018 жылдары Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде кітапханашы, бөлім меңгерушісі лауазымында қызмет атқарған.
2018 жылдың ақпан айынан бастап, Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры лауазымына тағайындалды.
8 (71030) 2-64-48
e-mail: zhanzbc@mail.ru