Жасөспірімдер кітапханасы

Кітапхананың негізгі міндеті: Жас оқырмандардың әр-түрлі талаптарын қанағаттардыратын кітап қорын жинақтау болып табылады. Кітапханада автоматтандырылған технологиялармен, РАБИС бағдарламасымен қызмет жасайды. Қызмет көрсету бөлімі (Абонемент) оқырмандардың кітапқа деген сұранысын, қажеттілігін, қызығушылығын қамтамасыз етеді. Кітап қоры- қазақ, орыс, шетел классикасы, қазіргі заман авторларының шығармалары, барлық білім саласындағы әдебиеттерді қамтиды, қордың көп бөлігін көркем әдебиет саласы құрайды. Кітапханада 2002 жылдан бастап «Маржан» жастар клубы жұмыс істейді. 2019 жылдан «Жанам деген жүрекке от берейік!» атты жастардың поэзия клубы жұмыс істейді. Мақсаты: Мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосу. Өнерлі жас буын өкілдерінің шығармашылық бастамаларын жүзеге асыру, рухани және интеллектуалдық ой-өрістерін дамыту. Жастар арасында әдебиетті оның ішінде поэзияны насихаттау. Клуб мүшелері облыстық және аудандық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Кітапханада жастарды шығармашылыққа баулитын әртүрлі әдеби сайыстар, кітап тұсау кесерлері, жаңадан түскен кітаптарға презентациялар жасалады, конференциялар өтеді, музыкалық-поэзиялық кештер, ұсыныс тізімдері, буклеттер жасалады. Жасөспірімдермен және мамандармен ақпараттық және әдістемелік жұмыс жүргізіледі.

Сонымен қатар кітапханадан:

  • Қажет деген кітапты абонементтен алуға;
  • Интернетпен жұмыс жасауға;
  • Белгілі бір тақырыпқа әдебиеттерді таңдауға ;
  • Жазба түріндегі библиографиялық сұраныстар алуға болады.

 

Бөлім меңгерушісі: Жұмасейітова Гүлзат Жұмабайқызы

Байланыс телефоны: 8 (71030) 79045

e-mail: zhanaarka-ub@mail.ru