Сыйлықтар мен сыйға тартушылар
Сыйға тартқан кітаптар
С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қорын толықтырудың бір көзі - сыйға тартқан кітаптар болып табылады. Сыйлық болып кітапхананың қорын толықтыру құралын құрайтын және оның қызметіне жауап беретін кез-келген ақпарат тасымалдағышындағы баспа басылымы немесе басқа бір пішіндегі құжат түрі табылады. Сыйға тарту –кітапханаға құжаттарды қайтарусыз (тегін) түрде жеке тұлғаның (бір топ адамның), мекеме немесе ұйымның белгілі талаптарға сәйкес мезгілді, ауық-ауық немесе бір рет берілуін қамтиды. Кітапханаға кітаптарды авторлар, баспа үйлері, кітапханалар, жоғарғы оқу орындары, институттар, мемлекеттік, ғылыми және қоғамдық ұйымдар, қорлар, кітапхана қонақтары, оқырмандар сыйға тартады.
С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханасы кітапхана қорына жасаған тартулары үшін Сыйлық ұсынушыларға үлкен алғыс білдіреді.
Қазақ халқының ардақты перзенті, Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы, Жазушылар одағының мүшесі, дарынды қаламгер, талантты көсемсөз шебері, этнограф-өлкетанушы, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері – Асан Жұмаділдин лебізін білдіріп, қолтаңбасын қалдырған «Жаңаарқа» энциклопедиясын сыйға тартқан.
Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Т. Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, Халықаралық конкурстың проза жанры бойынша жеңімпазы Төкен Әлжантегі лебізін білдіріп, қолтаңбасын қалдырған «Ақ қараның арасы», «Сегіз сері», «Ән-ғұмыр» атты кітаптарының барын үлкен мақтанышпен айта аламыз.
Айтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаев лебізін білдіріп, қолтаңбасын қалдырған «Ақжолтай Ағыбай батыр», «Айтыс. Аманжол-Сара», «Айбозым» Мақала-сұхбаттар, «Сәкен» атты сыйға тартқан кітаптары бар.