«Алып тұлғаның әдеби мұрасы»
27.11.2025
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 27 қараша күні ақын Жұмекен Нәжімеденов Сабырұлының туғанына 90 жыл толуына орай «Алып тұлғаның әдеби мұрасы» атты тәрбие сағаты өткізілілді. Іс-шарада оқырмандарға ақынның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, лирикасы және музыкалық мұрасы туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар, оқырмандар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармалары бойынша өз пікірлерін білдірді. Мақсаты: Ақынның өмірі мен шығаршылығы туралы мағұлмат беру, оның өлеңдерінің рухани-адамгершілік мазмұнын түсіндіру, әдеби талғамдарын қалыптастыру. Оқушылылардың поэзияға қызығушылығын арттыру және сөз өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
