«Батырлардың тұйғыны, ғалымдардың жүйрігі»

25.11.2025

             25 қараша  күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында қазақтың  қаһарманы ұлы, Ұлы  Отан соғысының  ардагері, көрнекті қоғам қайраткері, ғалым – педагог, жазушы – публицист Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай  «Батырлардың тұйғыны, ғалымдардың жүйрігі» атты таным сағаты өтті. Шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып,  Мәлік Ғабдулиннің   «Алтын жұлдыз» кітабына және  қойылған көрмеге  шолу жасалды. Сонымен қатар, батырдың өмір жолы, балалық шағы, әдебиетке қосқан үлесі, ерлігі мен батырлығы туралы  деректермен  таныстырылды. Мақсаты: Батырдың өнегелі мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және Отан сүйгіштікке тәрбиелеу