«Қазақ руханиятының Қадірі»

05.12.2025

    Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында  5 желтоқсан күні  Қадір Мырза Әлидің туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ руханиятының Қадірі» атты ақпараттық сағат өткізілді. Оқырмандарға ақынның кітаптары таныстырылып, кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Кітапханашы Ракишева Жаңагүл ақынның туған жері, еңбек жолы, шығармалары мен марапаттары туралы мәлімет берді. Мақсаты: Қадір Мырза Әлі туралы терең мағлұмат беру, оның шығармашылық өмірі мен шығармаларының маңызын түсіндіру. Қадір ақынның шығармалары арқылы оқушыларды патриотизмге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру.