Жасөспірімдер мен жастарға
Қытай тарихнамасындағы қазақ тарихы. Алматы : «Дәуір», 2022. – 784 б.
Қытай – тарихнамалық дәстүрі ертеден қалыптасқан ел. Қытай деректерінде қазақ халқының арғы-бергі тарихы туралы мол мәліметтер қамтылған. Сол себепті, Қытай ғалымдары ертеден-ақ Қазақ тарихына қызығушылық танытып келеді. Автор бұл еңбегінде Су Бэйхайдың қазақ тарихы туралы жаңашыл ойларын құптай отырып, оның кейбір тарихнамалық көзқарастарын терістейді. Сондықтан, кітаптың Отан тарихын зерттеуге тигізер пайдасы мол.
Оразов, Нұрғали. Ақ ұлпа [Мәтін] : балалар мен жасөспірімдерге арналған хиқаяттар мен әңгімелер/Нұрғали Оразов : [ред. Г.А.Мейрманова].-Алматы : Асыл сөз, 2022.-336 б.
Бұл жинағына балалар мен жасөспірімдерге арналған хиқаяттар мен әңгімелер топтастырылған. Мұндағы шығармалардың оқиғасы қызықты, тілі көркем , ең бастысы, айтар ойы мәнді, маңызды. Сондықтан да жас оқырман сүйіп оқитын жақсы кітап екендігіне сеніміміз кәміл.
Айша бибі. – Алматы: «Дәуір», 2022. – 160.
Жас ақын Ақерке Асанның «Айша бибі» жыр жинағына бұрын жарияланбаған жаңа өлеңдері топтастырылған. Өлеңдерінің дені жастық, махаббат тақырыптарына құрылғанымен, туған жер, өскен орта алдындағы перзенттік парызын жырларына өрнектей білген автордың бұл жинағы көпшілік оқырманның көңілінен шығады деген ойдамыз.
Шамұратова Ж.
Айтылмаған сыр. / Жадыра Шамуратова. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022. — 344 бет.
Бұл мерзімді басылым беттерінде жарияланған туындылары мен ерте танылған Жадыра Шамұратованың алғашкы прозалык туындысы.
Жинақта адамдар бойындағы парасаттылық пен адамгершілікке үндейтін шығармалардың окиғалары көркем тілмен бейнеленіп, шиеленісті өрбіп отырады.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Ахметжанқызы Л.Ә. Дәстүр даналығы: Ғылыми –танымдық әдебиет\ Ләйлім Ахметжанқызы.-Алматы: «Дәуір»,2022.-240б
Кітапта негізінен, қазақ халқы үшін рухани құндылықтың бастауы болған салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың бүгінгі қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы туралы айтылды. Жалпы қазақ дәстүрінен халықтың мінез-құлқын, болмысы мен дүниетанымын, мәдениеті, тілі мен діні, өмір сүру жолын байқауға болады. Сондықтан жалпы қауымға ұлттың алтын діңгегі-салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптың құндылығын, тәрбиелік түп-тамырын, мәнін түсіндіру, дәріптеу мақсатында ұсынылған кітап.
Ана. Жанар Жанапиянова – Алматы: «Дәуір», 2022. – 240 б.
Кітаптың Ана деп аталуының себебі барлық тіршілік көзі анадан тарайды. Үш қана әріптен тұратын сөздің мағынасы әр адамға қастерлі. Кітапта қарапайым қазақ аналарының өмірі бейнеленген. Әңгімелер жинағы өмірдегі отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын тілейтін Аналар туралы.
ӘЛЕМ, ӘЙЕЛ және МЕН. / Исраил Сапарбай — Алматы:«Ан Арыс» баспасы, 2022. — 384 б.
Соңғы жылдары әдебиеттің бірнеше жанрында (поэзия, драма, ән мәтіндері, аударма, публицистика) өндіре қалам тартып жүрген автордың біз ауызға алып отырған жаңа жыр жинағы жайдан-жай «Әлем, Әйел және Мен» аталмапты: көлемі де, өлеңі де таразы басын тең ұстап тұр. Ең бастысы, мұнда өрелі өлең де, толымды толғау да, кең кұлашты поэма да бар. Ақынның басты кредосы — өзі таңдап, өзі қалыптастырған таза да тағдырды табиғатынан айнымау.
Бет перде: Шытырман оқиғалы көркем әдебиет /Зияш Телеуова.-Алматы: «Дәуір», 2022.-256б.
Автордың бұл жинағына «Бет перде», «Ең әдемі қылмыскер» және «Бемут үшбұрышы» деп аталған шытырман оқиғалы хикаяттар топтастырылған. Шығармалардың сюжеттері шымыр, оқиға желістері сенімді, тіл оралымы оңтайлы.
Ебіл-дебіл дүние. – Алматы: «Дәуір», 2022 – 336 б.
Кітапқа енген «Бақыр басты еркек», «Алма кезек дүние», «Шеңбер», «Сергелдең» секілді хикаяттардың барлығы да бүгінгі күн тақырыбына арналған. Автор хикаяттарында заман тынысы, өмір ақиқатын көркем тілмен шынайы суреттеп, оқырмандарын ойлануға шақырады. Әр туындының оқиғасы қанық, желісі шымыр.
Соңғы нүкте: Роман / Марат Мәжитов. - Алматы: ЖШС РПБК «Дǝyip», 2022.- 352 6.
Романда Батыс өңіріне кеңінен танымал аты шулы банды атанған Құныс- керей Қожахмет баласының Түркімен еліндегі өмір жолы тарихи деректерге сүйене отырып, дәлме-дәл суреттеледі. Қым-қиғаш тартысқа құрылған шығарма сюжеті күрделі оқиғаларды тізбектеп, өлім мен өмір арасында қанды айқастарга әкеп соқтырған небір арпалыстарды сөз етеді. Романдағы Айбала Зокирқызынын қиын да, күрделі тағдыры шынайы шындықтан алынған, өмірде болған оқиға екенін оқырман бірден аңғарады деп ойлаймыз.
Әлпейісова К.А Қайтсек ұрпақ өседі өрелі боп.....(Ешқашан ескірмейтін мәселелер туралы ой-толғамдар). Камал Әлпейісова – Алматы: «Дәуір»,2022.-240б.
Кітапта филология ғылымдарының кандидаты, жазушы, аудармашы Камал Әлпейісованың ешқашан құны жоғалмайтын өзекті мәселелер: отбасылық құндылықтар, ұрпақ тәрбиесі, ана тілдің мерейі, ауыз біршілікте өмір сүру туралы ой-толғамдары жинақталған. Жинақ ата-аналарға, ұстаздарға және жалпы оқырмандар қауымына арналған.
Картаева, Тәттігүл. Сыр-Арал этнографиясы / Т. Картаева. – Алматы : Қазақ кітабы, 2022. – 512 б.
Зертттеуде XIX ғасырдың басындағы Сырдария өзенінің төменгі ағысы бойы,Арал теңізінің шығыс,солтүстік –шығыс жағалауы қазақтарының дәстрлі этнографиясы,өңірдегі қазақ ауылдарының дәстүрлі келбеті сипатталған.Сыр –Арал өңірі қазақтарының ру-тайпалық құрамы,тарихи дәуірлерде орын алған миграциялық ағымдар,өңірге тән дәстүрлі шаруашылық,қосалқы шаруашылық,дәстүрлі мәдениеті, аймақтық ерекшеліктері кешенді түрде қарастырылған.
Қалижанов, Уәлихан. Жамбыл : роман-этюд / У. Қалижанов. – Талдықорған : GALAXY, 2021. – 484 б.
Филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Уәлихан Қалижановтың «Жамбыл» атты роман-этюді жыраулық, айтыс өнерінің көрнекті өкілі, ғасыр Гомері атанған, екі заманның куәсі Жамбыл Жабаевтың өміріне арналған.