«Болмысы бөлек ақын – С.Нәкенов»

12.12.2025

Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 12 желтоқсан күні Қазақстан жазушыларының мүшесі, жерлес жазушы, ақын Сайлаухан Нәкеновтің туғанына 85 жыл толуына орай «Болмысы бөлек ақын – С.Нәкенов» атты жыл бойы тұрақты кітап көрмесі және «Жерлес ақын» әңгіме сағаты өткізілді. Шараға мектебіміздің  3 - 4 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға ақынымыздың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, әңгіме шолу жүргізілді. Мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға дәріптеу.