«Ұлт рухының жыршысы - Жұбан»
11.12.2025
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 11 желтоқсан күні Жұбан Молдағалиевтың туғанына 105 жыл толуына орай «Ұлт рухының жыршысы - Жұбан» атты тәрбие сағаты өткізілді. Кітапханашы Жөкенова Арайлы оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат берді. Жұбан Молдағалиевтің қазақ әдебиетіндегі орны мен «Мен қазақпын» поэмасының ерекшелігі туралы қысқаша айтып өтті. Оқырмандар «Мен қазақпын» өлеңін жатқа оқып, ойларымен бөлісті. Мақсаты: Жұбан Молдағалиевтің ұлттық рухты көтерген «Мен қазақпын» өлеңінің мәні мен мазмұнын түсіндіру. Қазақ халқының тарихына, тілі мен мәдениетіне құрмет сезімін қалыптастыру.
