«Батырлардың тұйғыны, ғалымдардың жүйрігі»
20.11.2025
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 20 қараша күні Қазақ ғалым-педагог , жазушы, СССР Педагогика академиясының академигі, филология ғылымының докторы, профессор Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Батырлардың тұйғыны, ғалымдардың жүйрігі» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шарада М.Ғабдуллиннің өмір жолы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі, батыр атағын алғаны туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ, оның ғалымдық және жазушылық қырларына тоқталып, «Менің майдандас достарым» атты кітабына шолу жасалды. Мақсаты: Жас ұрпақты Отанға адал қызмет етуге, туған жерін және елін сүюге тәрбиелеу, батыр бабалардың ерлік дәстүрін жалғастыруға бағыттау. Ерлік пен адамгершілік, табандылық пен жауапкершілік қасиеттерін бойына сіңіре отырып, отансүйгіш, рухы биік елжанды тұлға қалыптастыру.
