«Ұлттық тәрбие - құндылықтың бастауы»

05.11.2025

Ш. Ералиев ауылдық кітапханасында 5 қараша  күні  «Ғибрат» салт-дәстүр клубы аясында  «Ұлттық тәрбие - құндылықтың бастауы» атты іс-шара өткізілді. Кітапханашы Ракишева Жаңагүл оқырмандарға кітап көрмесін ұйымдастырып, пікір алмасу өткізді. Кітап көрмесіне өнеріміз бен мәдениетімізді, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналған әдебиеттер қойылды. Шараға  8- сынып оқушылары қатысып, қазіргі заманда жиі қолданылатын салт-дәстүрлер туралы әңгімелеп, ұлттық тәрбие жөніндегі өз пікірлерін білдірді.