«Республикам-мақтанышым»
24.10.2025
24 қазан Қызылжар кенті үлгілі кітапханасында Республика күніне орай «Республикам-мақтанышым» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына 6- сынып оқушылары қатысты. Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын алатын елдік пен бірліктің, татулық пен тұрақтылықтың мерекесі. Мақсаты: Халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігіміз бен ынтымағымызды арттыруға тәрбиелеу.
