«Қазына сарайы-кітапхана»
23.10.2025
23 қазан күні Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасында «Қазына сарайы-кітапхана» зейнеткер кітапханашылармен кездесу кеші өтті. Іс-шараға кітапханашылар күніне орай ұйымдастырылды. Кешке Ынталы ЖББ мектебінің 10-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Жукенова Гүлназым апай қатысты. Зейнеткер кітапханашылар Аманкүл Зекенқызы мен Ботакөз Бұлқайырқызының қатысуымен қызықты да әсерлі кеш өтті. Қонақтар кітапханашы мамандығының қызықты да жауапты, қажырлы еңбекті талап ететін сала екенің айтып, өздерінің еңбек жолынан қызықты естеліктерімен бөлісті. Мақсаты: Зейнеткер кітапханашыларға құрмет көрсету, жас ұрпаққа кітапханашы мамандығының жауапкершілігі мен маңызын ұғындыру.
