«Менің Отаным- Қазақстан»
25.10.2025
25 қазан күні Ш. Ералиев ауылдық кітапханасында Республика күніне орай «Менің Отаным- Қазақстан» атты интелектуалды ойын-сайыс өткізілді.Сайысқа мектеп мұғалімдері, аурухана қызметкерлері және әкімшілік өкілдері қатысты. Үш команда («Қыран», «Самұрық», «Сұңқар») жеті кезең бойынша бақ сынады. Іс- шара барысында баяндама, интеллектуалды ойын, көрініс, логикалық сұрақтар мен ситуациялық тапсырмалар орындалды. Нәтижесінде әділқазылар шешімімен «Қыран» командасы І орынға ие болды. Мақсаты: Республика күнінің маңызын түсіндіру, елжандылыққа тәрбиелеу.
