«Қазақстан елі – менің Отаным»
24.10.2025
24 қазан күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 25 қазан – Республика күніне орай Мәдениет үйімен бірлесе отырып іс- шара өткізілді. Шара барысында «Қазақстан елі – менің Отаным» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библографиялық шолу жасалды. Оқушыларға Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері туралы әдебиеттер, фотосуреттер ұсынылды. Сонымен қатар 25 қазан мерекесі туралы түсінік берді. Шара соңында балалармен танымдық викториналық сұрақтар ойнатылды. Іс-шараға 8-сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқушыларға 25 қазан- Республика күнінің тарихи маңызын ұғындыру.
