«Қыран елім-Қазақстан»

18.10.2024

          Түгіскен ауылдық кітапханасында қазан айының 18 – күні 25 қазан-Республика күніне орай «Қыран елім-Қазақстан» атты Жанайдар Сәдуақасов мектебінің оқушыларының қатысуымен тарихи сағат өтті. Мақсаты: 25 қазан-Республика күніне орай жас ұрпақты Отанын сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Тарихи сағат барысында «Мәңгілік ел-Қазақстан» тақырыбы бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. «Республика күні-ұлттық мереке» атты викториналық , сұрақтар қойылып, оқырмандар ақпарат алды. Шарафиддин Нұрасыл «Адай» күйін орындады.