Біріңғай кітап қорын сақтау бөлімі
Аудандық кітапхананың бірыңғай кітап қоры және жүйе ішіндегі кітап алмастыру қызметі кітапхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 12634 дана кітап қоры бар.
Қызметтің негізгі міндеті- қордың сақталуына қолайлы санитарлық-гигиеналық режимдерді бір қалыпта ұстау арқылы, кітапхана қорының сақталуы мен қауіпсіздігін ету.
Жүйе ішіндегі 17 ауылдық 3 аудан басындағы кітапханалар оқырмандардың талабы бойынша сұраныс түсіріп отырады. Кітап алмастыру жұмыстарының ең тиімді түрі әдебиеттердің комплектілері болып табылады. Кітапхана бөліміне қарасты бөлімшелер кітап көрмесін ұйымдастыруға тақырыптық тапсырыс береді. Оқырмандардың әдебиеттерге берген тапсырыстарын орындап , қорларға қосымша кітап беріледі.
Сонымен қатар қорда сирек кездесетін кітап қоры бар.Олардың ішінде орыс классиктерінің көркем әдеби шығармалары: А.С. Пушкин «Полное собрание сочинений» (1938-1947жж) Салалық әдебиеттен тарих: Ян.В. «Бату. Тарихи хикая ХІІІ ғасыр» (1950ж.) анықтамалық әдебиеттер: «Большая советская энциклопедия жинағы» (1947ж.) көркем әдебиеттер: С.Сейфуллин «Шығармалар көп томдық» (1958-1963жж.) Книга тысяча одной ночи (1955ж) Сирек және құнды кітаптар топтамасының құрамында кіші форматтағы кітаптар бар. Кішкентай кітаптар топтамасы 48 данадан тұрады, оның 23 данасы қазақ тілінде. Сонымен қатар, қорда CD дискілерінің материалдарын құрайды.
Тарихы
1976 жылы кітапхана орталықтандырылған кітапхана жүйесіне көшкен уақытта резервті- айырбастау, бірыңғай кітап қоры және кітап сақтау бөлімі болып құрылды. Бұл бөлімде кітапханааралық кітап алмасу (МБА) Москва, Ленинград (бұрынғы), Алматыдан оқырмандардың сұранысы бойынша кітаптар алғызып отырды, кейіннен қаржыға байланысты жабылып қалды.
Бұл бөлімнің алғашқысы кітапханашысы Маскенова Зейнегүл болды. Алматыдағы ЖенПи- ді бітіріп келген жас маман жұмысты алға қоя білді. Одан кейін З.Т.Қызылбаева, М.А.Ахметова, Н.Шәріпова, Ж.С.Смайловалар жұмыс атқарды. Қазіргі уақытта Ныгманова Жібек Балташқызы қызмет етуде.