Виртуалды анықтама

Кітап

Сұрақ мәтіні:

2) Жасөспірімдерге арналған кітаптар керек, болса көбірек?!

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман. Жасөспірімдер кітапханасынан жасөспірімдер туралы газет- журнал, кітаптар ала аласыз.

Өлкетану

Сұрақ мәтіні:

3) Жерлесіміз С.Оспановтың шығармашылығы жайында мақалалар керек.

Жауап:

Сәлеметсіз бе. Биылғы жылда Серік Кәрібайұлы Оспановтың шығармашылығы жайында мақалалар өкінішке орай жоқ. Хабарласқаныңызға рақмет!

Қызығушылық

Сұрақ мәтіні:

4) Мектеп оқушыларын векториналық сұрақ - жауаптары бар шығарылымдары болса?

Жауап:

Сәлеметсіз бе құрметті оқырман!  "Мектеп", " Мектептен тыс", "Айгөлек", "Мектеп кітапханасы" журналдарынан көре аласыз!

Мәдениет, өнер

Сұрақ мәтіні:

5) Мәдениет, өнер саласы жайында кітаптар, журнал - газеттер бар ма?

Жауап:

Сәлеметсіз бе. Әрине бар. Кітапхананың оқырман залынан 85 өнер бөлімінен табасыз. Сұрағыңызға рақмет!