Виртуалды анықтама

Аралбай батыр

Сұрақ мәтіні:

Өмірбаяны

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің қорында 2011 жылы А.Әлтайдың құрастыруымен жарық көрген "Аралбай батыр/Шежіре" кітабынан қажетті ақпаратты алуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін рақмет!

Ә. Нұршайықов

Сұрақ мәтіні:

Ә.Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар" атты кітабы бар ма?

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар" кітабы қорымызда бар. Кітап данасы аз болғандықтан алдын ала жазылып, алып оқуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін рақмет!

А.Құнанбаев

Сұрақ мәтіні:

Сәлеметсіздерме сіздердің қорларыңызда А. Құнанбаевтың қара сөздеріне арналған кітабы бар ма?

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Абай Құнанбайұлының "Қара сөзі" ақынның көп томдық шығармалар жинақтарында да, жеке дара кітап болып басылып шыққан нұсқасыда да бар. Кітапхана қорынан алып, оқуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін рақмет!

Қ. Мырзалиев

Сұрақ мәтіні:

Сіздердің қорларыңызда Қ. Мырзалиевтің "Иірім"кітабы бар ма?

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Біздің кітапхана қорында Қадыр Мырза Әлидің "Иірім" кітабы бар. Данасы аз болғандықтан үнемі оқырман қолында, алдын ала жазылып алып оқуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін рақмет!

Б.Момышұлы

Сұрақ мәтіні:

Сіздердің қорларыңызда Б. Момышұлының "Ұшқан ұя" кітабы бар ма?

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Кітапхана қорында Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" кітабы бар. Кітапханаға келіп, жазылып оқуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін рақмет!

кітап

Сұрақ мәтіні:

Cәлеметсіздер ме? Сіздердің кітап қорларыңызда С. Жүнісовтың шығармалары бар ма? Қызметтеріңізге рақмет!

Жауап:

Қайырлы күн, құрметті оқырман! Сіз сұраған жазушы С.Жүнісовтің әр жылдары "Таймас" баспа үйінен жарық көрген көп томдық шығармалар жинағы, яғни І-VІІІ томына дейін біздің кітапхана қорында бар. Келіп, жазылып оқуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін, рақмет!

Қазақ тілі

Сұрақ мәтіні:

Сәлеметсіздер ме. Сіздерде мағыналас сөз тіркестерінің фразеологизмі кітабы бар ма? Рақмет

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіз сұраған тақырыпта жеке дара кітап жоқ. Бірақ, қазақ тіліне қатысты ғылыми оқулықтар, анықтамалар мен сөздіктер т.б. топтастырылған кітапхана қорындағы "Тіл білімі" бөліміндегі кітаптарды алуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін рақмет!

А.Байтұрсынұлы

Сұрақ мәтіні:

Сәлеметсіздер ме. А. Байтұрсынұлының тілге байланысты өлең жинақтары бар ма? Рақмет

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Ахмет Байтұрсынұлының "Алаш мұрасы" сериясымен жарық көрген 5 томдық және де 6 томдық, 12 томдық шығармалар жинақтары, сондай-ақ жеке дара шығармашылығы зерттелген кітаптар кітапхана қорында бар. Керегіңізді кітаптардан қарап, оқырман ретінде жазылып алуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін рақмет!

Шежіре

Сұрақ мәтіні:

Сәлеметсіздер ме? Шежіре туралы кітаптар барма?

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Біздің кітапхана сіз сұраған Шежіре кітабы бар келіп оқуыңызға болады.Сұрағыңызға рахмет!
 

Марат Мәжитов

Сұрақ мәтіні:

Cәлеметсіздерме! Марат Мәжитовтың «Соңғы нүкте» атты кітабы барма?

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіз сұраған кітап біздің қорымызда бар келіп оқуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!