Виртуалды анықтама
Б.Момышұлы
Сұрақ мәтіні:
Сіздердің қорларыңызда Б. Момышұлының "Ұшқан ұя" кітабы бар ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Кітапхана қорында Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" кітабы бар. Кітапханаға келіп, жазылып оқуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін рақмет!
кітап
Сұрақ мәтіні:
Cәлеметсіздер ме? Сіздердің кітап қорларыңызда С. Жүнісовтың шығармалары бар ма? Қызметтеріңізге рақмет!
Жауап:
Қайырлы күн, құрметті оқырман! Сіз сұраған жазушы С.Жүнісовтің әр жылдары "Таймас" баспа үйінен жарық көрген көп томдық шығармалар жинағы, яғни І-VІІІ томына дейін біздің кітапхана қорында бар. Келіп, жазылып оқуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін, рақмет!
Қазақ тілі
Сұрақ мәтіні:
Сәлеметсіздер ме. Сіздерде мағыналас сөз тіркестерінің фразеологизмі кітабы бар ма? Рақмет
Жауап:
Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіз сұраған тақырыпта жеке дара кітап жоқ. Бірақ, қазақ тіліне қатысты ғылыми оқулықтар, анықтамалар мен сөздіктер т.б. топтастырылған кітапхана қорындағы "Тіл білімі" бөліміндегі кітаптарды алуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін рақмет!
А.Байтұрсынұлы
Сұрақ мәтіні:
Сәлеметсіздер ме. А. Байтұрсынұлының тілге байланысты өлең жинақтары бар ма? Рақмет
Жауап:
Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Ахмет Байтұрсынұлының "Алаш мұрасы" сериясымен жарық көрген 5 томдық және де 6 томдық, 12 томдық шығармалар жинақтары, сондай-ақ жеке дара шығармашылығы зерттелген кітаптар кітапхана қорында бар. Керегіңізді кітаптардан қарап, оқырман ретінде жазылып алуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін рақмет!
Шежіре
Сұрақ мәтіні:
Сәлеметсіздер ме? Шежіре туралы кітаптар барма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Біздің кітапхана сіз сұраған Шежіре кітабы бар келіп оқуыңызға болады.Сұрағыңызға рахмет!
Марат Мәжитов
Сұрақ мәтіні:
Cәлеметсіздерме! Марат Мәжитовтың «Соңғы нүкте» атты кітабы барма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сіз сұраған кітап біздің қорымызда бар келіп оқуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!
Сағат Әшімбаев
Сұрақ мәтіні:
Cәлеметсіздерме! Сіздерде Сағат Әшімбаевтың кітаптары барма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сіз сұраған Сағат Әшімовтың кітаптары бізде бар келіп оқуыңызға болады.Сұрағыңызға рахмет!
Қалижан Бекқожин
Сұрақ мәтіні:
Cәлеметсіздерме! Қалижан Бекқожинның «Жерұйық мекенім –Арқадағы» өлеңі керек еді
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сіз сұраған "Жер үйық мекені - Арқадағы" өлеңі сіздің почтаңызға жіберілді. Сұрағыңызға рахмет!
Ә.Кекілбаев
Сұрақ мәтіні:
Ханша дария кітабы барма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сіз сұраған Ханша дәрия кітабы біздің қорымызда бар келіп оқуыңызға болады.Сұрағыңызға рахмет!
А. Сейдімбек
Сұрақ мәтіні:
Шығармалар кітабы керек
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сіз сұраған А.Сейдімбектің кітаптары бар бізде келіп оқуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!
Виртуалды анықтама