Виртуалды анықтама
өлке тану
Сұрақ мәтіні:
Сәлеметсіздер ме ?Өмір Кәріпұлының <<Тұғыр >> кітабы мен қоса романдары бар ма ?
Жауап:
Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Өмір Кәріпұлының "Тұғыр"кітабы мен қоса романдары бар. Кітапханамызға келіп, қызмет көрсету бөлімінен оқи аласыз! Сұрағыңызға рақмет.
өлке тану
Сұрақ мәтіні:
Қайырлы күн ! Апай сіздерден қаламгер Бүркіт Ысқақовтың шығармаларын оқи алам ба ,сіздерде қандай кітаптары бар ?рахмет
Жауап:
Сәлеметсіз бе,құрметті оқырман! Біздің кітапханамыздың қызмет көрсету бөлімінен оқи аласыз, немесе 7-90-11 нөмеріне хабарласа аласыз. Сұрағыңызға рақмет!
өлке тану
Сұрақ мәтіні:
Қайырлы күн.Серік Қирабаевтың қандай кітабын ала аламын ?рахмет
Жауап:
Сәлеметсіз бе, оқырман! Кітапханамыздың сайтынан Серік Қирабаевтың "Өмір тағылымдары" кітабын оқи аласыз. Сұрағыңызға рақмет!
өлке тану
Сұрақ мәтіні:
Қайырлы күн !С.Қирабаевтың қандай шығармаларын оқи аламыз ба? рахмет.
Жауап:
Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Кітапханамыздың сайтынан "Өлкетану" бөлімінен, "Танымал есімдер" айдарынан, "Ақын-жазушылар"бұрышынан көре аласыз. Серік Қирабаевтың "Өмір тағылымдары" кітабын оқи аласыз. Сұрағыңызға рақмет!
Ақселеу Сейдімбек
Сұрақ мәтіні:
Сәлеметсіздер ме? Маған Ақселеу Сейдімбек пен Жақан Смақов жайлы ақпарат керек еді.
Жауап:
Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Кітапханамыздың сайтынан "Өлкетану" бөлімінің, "Танымал есімдер" айдарынан,"Ақын-жазушылар" бөлімінен көре аласыз. Сұрағыңызға рақмет!
мерзімдік басылым
Сұрақ мәтіні:
орталық қазақстан газетіндегі Ерсін Мұсабековтің Сәкенді жасырған Жәңгір төбе атты мақаласын оқи аламын ба? рахмет?
Жауап:
Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! 2021жылдың № 98 шығарылымының 6-бетінен оқи аласыз.. Сұрағыңызға рақмет!
Сәкен Сейфуллин
Сұрақ мәтіні:
Сәкен атамыздын кандай кітаптары бар қорларыңызда
Жауап:
Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Қорымызда Сәкен атамыздың " Сәкен туған-Жаңаарқа", "Сейфуллиннің музыкалық мұрасы ", "Тар жол,тайғақ кешу", "Аққудың айрылуы", "Домбыра"өлеңдер мен дастандары, "Тау ішінде" және т. б кітаптары бар.
кітаптар
Сұрақ мәтіні:
сәлематсіздар ма ? сиздердің кітапханадан өлкеміздің жас ақындарының жұмыстарымен таныса алам ба?,
Жауап:
Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Әрине таныса аласыз, жасөспірімдер кітапханасынан оқи аласыз. Сұрағыңызға рақмет!
шежіре
Сұрақ мәтіні:
Аралбай батыр кітабын оқи аламыз ба?
Жауап:
Сәлеметсіз бе құрметті оқырман! Әрине, біздің ақпараттық - библиографиялық бөлімге келіп, оқи аласыз. Қоңырау шалғаныңызға рақмет!
Ақселеу Сейдімбек
Сұрақ мәтіні:
Қайырлы кун !Ақселеу Атамыздын аты берілген көше ,ғимарат бар ма ?
Жауап:
Қайырлы күн құрметті оқырман! Ауданымызда Ақселеу Сейдімбек атамыздың есіміне берілген көше және білім ордасы бар. Сұрағыіңызға рақмет!
Виртуалды анықтама