«Армысың, ару көктем»

21.03.2023

Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 21 наурыз Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамына орай «Күлімде, наурыз күлімде!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Г.Ахметбекова библиографиялық шолу жасады. Сонымен қатар «Армысың, ару көктем» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында «Ғибрат» салт-дәстүр клубының мүшелері «Тәу» айтып, бәле-жаладан аластады. Ауыл тұрғындары салт-дәстүрден көріністер көрсетіп, әсем ән мен биден өнер көрсетті.Атап айтсақ, «Бастаңғы жасау», «Қыз ұзату», «Құрсақ шашу», «Ат қою», «Бесік той», «Тұсау кесер», «Тоқым қағар» салттарын көрсетіп насихаттады. Ауыл әкімшілігі мен мәдениет үйі, кітапхана ұжымдарының ұйымдастыруымен сыйлықтар жасалды. Сонымен қатар ұлттық тағамдардан дастархан жайылып, наурыз көже таратылды. Мәдениет үйінің ауласында ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды. 22 наурыз күні «Тай жарыс» ұйымдастырылып, ақшалай сыйлықтар үлестірілді. Мақсаты: Оқырмандарға Наурыз - жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.