«Асқар таулы тұлға»

10.04.2024

С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 10 сәуір күні геолог – ғалым Қ.И.Сәтбевтың туғанына 125 жыл  толуына орай «Асқар таулы тұлға» атты әдеби сағат өткізілді. Шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге кітапханашы М.Искакова библиографиялық шолу жасап, «Ұлы тұлға» атты слайд көрсетті. Мақсаты: аса көнекті ғалым, геолог, мемлекет қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаевтың артында қалдырған ғылыми мұралары мен оқушыларды таныстыру.