«Ата Заңым-айбыным»

30.08.2023

30 тамыз Қараағаш ауылдық  үлгілі  кітапханасында  30 тамыз- ҚР Конститутция күні мерекесіне орай  «Ата Заңым-айбыным» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.Оқырман балалардың ой-өрісін дамыту мақсатында викторина ойына өткізілді. Іс-шараға әр түрлі жастағы оқырмандар қатысты. Шарамыздың жалғасы Мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырған концерттік бағдарламамен жалғасты. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Жақия Айдана мен Елеу Мағжан өз шығармаларын оқыды. Мақсаты:Жасөспірімдерге адам құқықтары мен бостандықтары жайлы түсінік қалыптастыру,халықтың құқықтары мен мемлекеттік заң туралы кітаптармен таныстыру.