«Балалар әдебиетінің бағбаны»

11.11.2022

Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 11 қараша күні  жазушы, ақын Ескен Елубаевтың 80 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің бағбаны» атты әдеби сағат өткізілді. Іс-шараға 8 сынып оқушылары қатыстырылып, жазушының шығармаларына талдау жасалды. Кітапханашы Ахметбекова Гүлімай оқырмандарға ақынның шығармаларын таныстыра отырып, оқырмандарды қызықтыратын өлеңдерді оқытты. Сонымен қатар ақынның «Өжет» атты пьесалар жиынтығын балаларды рөлге бөліп оқыды. Жас оқырмандар қатты қызығушылық танытты. Мақсаты: Оқырмандарға қазақ балалар әдебиетіне өзіндік үлес қосқан ақынның бірі – Ескен Елубаев туралы мәлімет беру.