«Балалар әдебиетінің інжу-маржандары»

07.06.2024

«Балалар әдебиетінің інжу-маржандары» аудандық семинар
7 маусым күні Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар әдебиетінің інжу-маржандары» тақырыбында аудандық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты жас ата –аналар мен оқырмандарды кітапханаға тартуды күшейту, балалардың кітап оқу мәселелері, балалар мен жасөспірімдердің бірқатар бөлігінің кітап оқудан бас тарту себептері, сонымен қатар осы тенденцияны еңсеру үшін әртүрлі ұйымдар арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін іздену жолын көрсету болып табылады. Кітапханашылар арасында кәсіби тәжірибе алмасу, жаңа тәсілдерге бағыттау мақсатында өткізілген іс шараның алғы сөзін Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасының меңгерушісі Нұргүл Бексұлтанқызының құттықтау сөзімен семинар шымылдығы ашып, ұйымдастырылып жатқан іс-шараларға тоқталып өтіп, бүгінгі кәсіби біліктілікті арттыратын семинардың маңыздылығы жайлы тілге тиек етті. кәсіби іс-шара аудананың балалар кітапханаларының қызметін ақпараттық кеңістікті кеңейту жағдайында жаңа тәсілдерге және жаңа ақпараттық технологияларды , оның ішінде мобильді қосымшаларды енгізу ерекшеліктерін бағдарлау, кәсіби тәжірбие алмасу, кітапханашылардың шығармашылық, аналитикалық қабілеттерін ынталандыру, кәсіби қызығушылығының аясын кеңейту мақсатында өткізіліп жатқан іс-шараға сәттілік тіледі. «Бір ел – бір кітап» акциясы   аясында Б.Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай жазушының шығармаларын насихаттау мақсатында  Ералиев ауылдық кітапханасының кітапханашылары «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты «Кitap Postamat» ойынын ұйымдастырды. Ойын барысында жазушының шығармаларынан сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар тарту етілді. Қатысушылармен «Кітап бетіне жасырылған жұмбақ» ойыны ойнатылды. Қараағаш  ауылдық кітапханасының кітапханашысы Наурызгүл Нұржанқызы жерлес балалар ақыны Жақан Смақовтың шығармаларын насихаттауда «Бал тілді бала мінезді ақын» атты көрме ұйымдастырып, ақынның қолының табы қалған қолжазбалары мен құнды құжаттарды семинар  қатысушыларын таныстырды. Сирек кездесетін құжаттардың тарихына тоқталып, балаларға арналған «Балапан» ойынын ойнатылды.  Байдалы би ауылдық кітапханасының кітапханашылары Жаңаарқа ауданының 95 жылдық мерейтойы қарсаңында «Нұр тұнған – құлпырған Жаңаарқа» атты бибилиосеруен ұйымдастырды. Бибилосеруенде ауданымыздың көрікті жерлері мен тарихи тұлғалар жайлы сұрақтар қойылып, қайда орналасқандары жайлы ақпараттар берілді. Актүбек ауылдық кітапханасы Қошеметова Салтанат пен Анишева Бағлан мен Бидайық ауылдық округінің кітапханашысы Айнұр Самаева  «Балалар кітап көрмесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер» тақырыбында «Пайдалы кеңестер библиобутигі» ойыны ойнатылып, көрменің түрлері мен қызықты форматтары жайлы ақпарат беріліп, әр көрмеге жеке тоқталып, балалар көрмесін ұйымдастырудың ерекше тұстары мен көрнекіліктері жайлы түсінік берді. Б.Өтешов атындағ үлгілі балалар кітапханасының қызметкерлері «Quiver» бағдарламасы жайлы түсіндіріп 3Д суреттерді қалай жандандыруға болатыны жайлы түсіндіріп, қатысушыларға суреттер беріп, боялған суреттерді қозғалтып көрсетті. Бұл бағдарлама арқылы балалардың суретке қызығушылығын арттырып, оқуға құштарлығын ояту. «Шәй терапиясында» семинар қатысушыларына кітапханадаға деген жылы лебіздерін гүлге жазғызып, гүлді суару арқылы ниеттердің орындалуы жайлы айтып өтті. Қорытынды бөлімде қатысушыларға адам бейнесі берліп, кітапханада істаген адамда ойында, жүрегінде, аяғында, қолында не қалыптасу керек екенін жайлы пікір бөлісті.Семинар соңында қатысушылар экспресс тренинг ойындар ойнап, ситуациялық тапсырмаларды орындады. Барлық қатысушыларға сертификат табыс етілді.