«Даланың дауысы - домбыра»

01.07.2023

Бүгін 1 шілде Ұлттық домбыра күніне орай Б. Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасы «Даланың дауысы - домбыра» атты танымдық сағатын  оқырмандарына өткізді. Оқырмандарға домбыраның шығу тарихы жайлы деректі бейнебаян көрсетіліп, кітап көрмесімен таныстырылды және де  кітапханамызға балалар өнер мектебінің мұғалімі Рысқалиева Айгерім Мадиевна, оқушысы Тұрғанбай Нияз  келіп өз өнерлерін көрсетті