«Домбыра – бабадан қалған бағзы мұра»

01.07.2023

Ш.Ералиев ауылдық Мәдениет үйінде 1 шілде домбыра күніне орай «Домбыра – бабадан қалған бағзы мұра»  атты музыкалық кеш өткізілді. Қожахметова Айжанның жетекшілігімен «Көңілашар»  домбыра  үйірмесінің қатысушылары  «Тепеңкөк», «Салкүрең», «Келіншек», «Балбырауын» күйлерін орындап, «Еркем-ай» би тобының бишілері мың бұралып би биледі