«Домбыра күні – ұлттың үні»

01.07.2025
1 шілде күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра күні – ұлттың үні» атты өнер сағаты өткізілді.
Шараға 5-сынып оқушылары Қазыкен Іңжу мен Қазкен Жанболат қатысып, домбырамен ән орындап, күй шертіп берді.
Домбыраның тек құлаққа жағымды әсер ғана емес, жан дүниені тербейтін, тыныштандыратын құдіреті бар екенін оқырман қауымға жеткізуге тырыстық. Іс-шарамыз жақсы көңіл күймен аяқталды. Мақсаты: жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, ұлттық аспап — домбыраға деген қызығушылықтарын арттыру.