«Кітап және ғаламтор»

23.04.2024

      Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 23-сәуір күні  Дүниежүзілік кітап және авторлық  құқық  қорғау күніне орай «Кітап және ғаламтор» атты тақырыпта  5-сынып  оқушыларымен дебат өткізілді. Шараны кітапханашы Кульмаганбетова Асыл және Әзбаева Сандуғаш өткізді. Оқырмандар  «Кітап» және «Ғаламтор» болып  екі топқа бөлініп пікір талас жүргізілді. Технология дамыған заманда кітаптіңде, ғаламтордыңда қажеттілігі маңызды екені айтылды. Кітап оқу адам денсаулығына пайдасын тигізсе, ғаламторда шектен тыс отыру зиян екені оқырмандарға түсіндірілді.
Мақсаты: Оқырмандардың  кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, кітапты сүюге , таза ұстауға тәрбиелеу. Кітап біздің байлығымыз, жан азығымыз, қазынаның асылы, өмірдің шырағын жағар құнды мұра екенін түсіндіре отырып, оны бағалауға үйрету.