«Мен дарынды баламын»

01.06.2023

      1 маусым – балаларды қорғау күніне орай Жаңаарқа ауданы Б. Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасы мен жасөспірімдер кітапханасы «Мен дарынды баламын» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға кітапханамыздың ерекше оқырмандарымыз да қатысты. Кітапханашылардың арнайы дайындаған түрлі дамытушылық ойындарын оқырмандарымыз бен бүлдіршіндеріміз қызықтады. Жаңаарқа аудандық С. Сейфуллин атындағы ЖОББ мектептің оқушылары бауырсақ ертегісін сомдап, бір оқырманымыз ән айтып, би билеп мерекелік шарамыздың сәнін келтірді. Бүлдіршіндерге арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды. Ертегі кейіпкерлері, аниматорлар  балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлады. Шара барасында  ойынға қатысқан бүлдіршіндерге және  ерекше оқырмандарымызға сыйлықтар табысталды. Іс-шарамызды ұйымдастыру негізінде демеушілік көрсеткен ауданымыздың тұрғыны Айша Манашқызына шарамызды безендіру жағына қол ұшын берген  және бүлдіршіндерге сыйлыққа демеушілік көрсеткен Жаңаарқа ауданының «AMANAT»  партиясының төрағасы Түсіпов Аматнас Бақышұлына алғысымызды білдіреміз.