«Мен – елімнің патриотымын»

23.10.2023

23 қазан күні Б. Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасының оқу залында 25 қазан Республика күніне орай «Мен – елімнің патриотымын» атты патриоттық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру.Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Патриоттық сағатқа Б. Амалбеков атындағы ЖОББМ-нің 1 сынып оқушылары қатысты. Іс – шара барысында оқушылар Отан туралы, Қазақстан тарихы туралы сұрақтарға жауап берді. Өздері дайындап келген Республика күніне арналған өлең шумақтарын мәнерлеп оқып берді. Кітапханашы Смагулова Надира оқушыларды мереке тарихымен таныстырып, Тәуелсіз Қазастанның қалыптасу және даму кезеңдері туралы ақпарат берді.  «Мен – елімнің патриотымын» атты презентациясы көрсетілді. Шара сонында оқушылар алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.