«Мәңгілік ел- Қазақстан»

18.10.2023

Түгіскен ауылдық кітапханасы 18 қазан күні « 25 қазан- Республика» күніне орай Жанайдар Сәдуақасов атындағы мектебінің оқушыларымен «Мәңгілік ел- Қазақстан» атты интелектуалды сайыс өткізілді. Іс-шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Кітапханашы Смағұлова Алтынай еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымыз жайлы қысқаша ақпарат берді. Оқушылар «Бірлік» және «Ынтымақ» болып 2 топқа бөлінді. Интелектуалды сайыс 3 кезеңнен тұрды: 1 бөлім «Сұрақтар керуені», 2 бөлім «Кім тапқыр», 3 бөлім «Ойлан тап». Танымдық сайыстар ел тарихын тағы да бір тереңнен ұғынуға, оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімін арттыруға зор үлесін қосады.   Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.