«Мәңгілік Жаса,қыран елім Қазақстаным!»

25.10.2023

«Мәңгілік Жаса,қыран елім Қазақстаным!» атты патриоттық сағат

  25 қазан – Республика күніне орай Жасөспірімдер кітапханасында А.Сейдімбек атындағы жалпы  орта білім беретін мектебімен бірлесе отырып «Мәңгілік Жаса,қыран елім Қазақстаным!» атты патриоттық сағат ұйымдастырылды.

  Іс шара  мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның  егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік,  патриотизм мен  Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.

 Іс шара барысында жасөспірім оқырмандарға «Қыран елім- Қазақстаным!» атты  кітап көрмесі таныстырылып, «Өнерлі қалам»жобасының жас оқырмандары  ән шырқап,нақышына келтіре  патриоттық өлеңдер оқыды. Оқушылар  өзара пікір алмасып,  дайындалған викториналық сұрақтарға жауап беріп, алғыс хаттармен марапатталды.