«Менің Қазақстаным менің Отаным»

28.04.2023

Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 28 сәуір күні  1 мамыр ҚР Ынтымақ күніне орай «Менің Қазақстаным менің Отаным»  атты ертеңгілік пен «Бейбітшілік ел тілегі» атты  көрме ұйымдастырылды. Көрмеге кітапханашы Қобыланды Арайлым шолу жасады. Мақсаты: Оқушыларға еліміздің көп ұлттылығын, достығын, бірлігін, экономикасын, мәдениетін және байлығын насихаттай отыра, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.